Атырау, 24 желтоқсан 17:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​БҚО-да 2 және 5 жастағы ағайынды балалар жоғалып кеткен

2 564 рет қаралды


Батыс Қазақстан облысында екі бүлдіршін із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство хабарына қарағанда, 24 қазанда сағат 21:00-де Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жанама ауылында туған 2014 және 2017 жылғы екі баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Сағат 16:00-де балалар үйдің жанында ойнап жүріп, жоғалып кеткен. Ақпарат түскеннен кейін іздестіру шаралары ұйымдастырылып, құтқарушылар, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылған. Оралдан іздеу жұмыстарына құтқарушылар мен кинологиялық топ жіберілді. Жанама кенті мен жақын жатқан елді мекендердің аумағын аралап шығу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ осы аудандағы орман алқаптарын тексеру жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстарына 30-дан астам адам және 2 дана техника, құтқарушы, полиция, сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен жақын маңдағы елді мекендердің 200-ге жуық тұрғыны жұмылған.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

25 қазан 2019, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.