Атырау, 20 сәуір 06:23
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Ақмола облыстық ПД басқарма басшысының орынбасары істі болып жатыр

1 898 просмотра


Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық Полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасарына қатысты бюджет қаражатын жымқырды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупция қызметіне сілтеме жасап

Ол қылмыстық істер бойынша аудармашылардың қызметіне ақы төлеуге бөлінген жалпы сомасы 479 мың теңге бюджет қаражатын бірнеше рет жымқырды деген күдікке ілінген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. "Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады", - делінген хабарламада.

Дереккөз: Tengrinews.kz

25 қазан 2019, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.