Атырау, 26 сәуір 11:23
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Назарбаевтың экс-кеңесшісі Қытайға қарсы митингілерді кім өршітіп жатқанын болжады

2 453 просмотра


Қазақстан президентінің бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев республикадағы Қытайға қарсы наразылықтарға АҚШ-тың қатысы бар деп санайды.

"Қытаймен сауда соғысын жүргізіп жатқандықтан бұл америкалықтардың ісі деп ойлаймын. Америка ғана Бейжіңнің Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы саясатына қарсы шығып жатыр", - деді Ертісбаев "Время" газетіне берген сұхбатында.

Ол Вашингтон Бейжіңнің Шыңжаңды дамытуға қомақты қаржы салғанын елемей отырғанын айтты. "Америка Қытайдың тез көтерілуіне көптен бері алаңдап отыр. Қытайлар чипке жететін болса – бітті! Америка №1 держава болудан қалады", - деп болжады Ертісбаев.

Ертісбаевтың айтуынша, Қытайдың басты мақсаты – инфрақұрылым. Қытай әзірге Қазақстан нарығына үлкен қызығушылық танытып отырған жоқ.

Ертісбаев Қазақстанның Қытай алдындағы сыртқы қарызы туралы айта келе, ол "ажалды емес" және Ұлттық қордың қаражаты есебінен ертең-ақ өтеп тастауға болады деп сендірді.

2019 жылдың қыркүйек айының басында Тоқаевтың Қытайға сапары қарсаңында Қазақстанның төрт қаласында – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Жаңаөзенде Қазақстанда 55 қытай зауытының салынуына қарсы митингілер өтті.

Дереккөз: Sputniknews.kz

24 қазан 2019, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.