Атырау, 24 желтоқсан 16:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Президент бірқатар әскери сотты таратып, қайта ықшамдады

1 924 рет қаралды


Мемлекет басшысының 2019 жылғы 15 қазандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы гарнизондарының кейбір әскери соттары ықшамдалды, деп хабарлайды Zakon.kz Әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен таратылғандары:

Маңғыстау облысы Ақтау гарнизонының әскери соты;

Қарағанды облысының Қарағанды гарнизонының әскери соты;

Қостанай облысының Қостанай гарнизонының әскери соты;

Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты;

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты.

Жарлық өз күшіне енді.

Әскери сот таратылғандардың құзіреті кімге жүктелгенін де нақтылады:

- Маңғыстау облысының Ақтау гарнизонының әскери соты Ақтөбе гарнизонының әскери сотына;

- Қарағанды облысы Қарағанды гарнизонының әскери соты мен Қостанай облысының Қостанай гарнизонының әскери соты Ақмола гарнизонының әскери сотына жатады;

- Алматы облысы Талдықорған гарнизонының әскери соты Алматы гарнизонының әскери сотына;

- Шығыс Қазақстан облысы Өскемен гарнизонының әскери соты Семей гарнизонының әскери сотына жатады.

Дереккөз: Zakon.kz

23 қазан 2019, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.