Атырау, 18 сәуір 18:10
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

«Бұдан драма жасаудың қажеті жоқ». Әділет министрі Президенттің жарлығы туралы

2 672 просмотра


«Мен бұл жағдайды драмаға айналдырмас едім. Жарлықтағы сұрақтар Қауіпсіздік кеңесі туралы заң қабылданған кезде айтылған. Президент жарлығына қол қойылды, барлық процедураны регламенттеп отыр. Жарлық бойынша белгілі бір лауазымдар келісімнен өтеді. Бұл – Қазақстан қос билікті ел дегенді білдірмейді, әлемнің көптеген елдерінде маңызды саяси лауазымдар белгілі бір органдар арасында келісімнен өтеді», - дейді Әділет министр.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 9 қазанда «Қазақстан Республикасы президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жарлыққа қол қойған. Құжатқа сәйкес, Президент үш министрден басқа (Қорғаныс, Ішкі істер және Сыртқы істер министрлігі - агенттік) министрлер мен облыс әкімдерін Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен келісіп тағайындайды. Әділет министрі бұл шешім заң аясында дейді.

«Жарлықта нақты айтылғандай, Президент шешім қабылдамай тұрып Қауіпсіздік кеңесінің төрағасымен ақылдасады. Сол консультация кезінде барлық даулы мәселе күн тәртібінен түсуі керек. Соңғы сөз – Қауіпсіздік кеңесінде. Бұл Елбасы төраға ететін алқалы орган. Сондықтан, шешім ашық қабылданады», - деп түсіндірді Бекетаев.

Дегенмен, министр мәлім еткендей, бұл – Президент билігінің әлсіреуі емес, «жай ғана процедуралық шаралар».

Дереккөз: Azattyq-ruhy.kz

22 қазан 2019, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.