Атырау, 24 желтоқсан 16:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы: Іске арнайы сарапшылар тартылды

1 736 рет қаралды


Нұр-Сұлтанда LRT құрылысына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Қылмыстық іс 176-баптың 4-бөлігі "б" тармағы бойынша қарастырылып жатыр.  "Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттаманың негізділігі, орындалған құрылыс жұмыстарының нақты көлемі, көрсетілген консультациялық қызметтер және техникалық қадағалаудың орындалуы тексеріліп жатыр. Қаржы мамандары экономикалық есептеулер жүргізіп, құрылыс мамандары салынған нысандардың бақылау өлшемдерін тексеріп жатыр", - делінген хабарламада. 

Хабарламада Ұлттық банкпен және Есеп комитетімен бірлесіп "Қытай даму банкінен алынған қаражатты "Астана Банкі" АҚ-ға орналастырудың заңдылығы мен негізділігі тексерілді" делінген.  "Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі істің барлық мән-жайын анықтап, кінәлілерді жауапқа тарту үшін кешенді шаралар қабылдайды", - деп хабарлады департаменттегілер. 

LRT құрылысы 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталып, оны 2020 жылдың жазында іске қосу тиіс болған. Ұзындығы 22,4 шақырым болатын жоба қаражаты 1 миллиард 887 миллион доллар деп есептелген.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын сынға алды

Дереккөз: Tengrinews.kz

22 қазан 2019, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.