Атырау, 25 сәуір 00:07
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Аймағамбетов: Ағылшын тілін алып тастауды жоспарлап отырмыз

4 509 просмотра


Қазақстанның білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі білім бағдарламасынан ағылшын тілін алып тастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Мектепке дейінгі білім бағдарламасынан ағылшын тілін алып тастауды жоспарлап отырмыз", - деді Аймағамбетов мәжілісте "Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын-ала қорытындылары туралы" үкімет сағатында.

Бұдан бөлек, білім министрлігі балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеруді көздеп отыр.

"Тағы бір мәселенің бірі – бірыңғай электронды кезектің жоқтығы. Кейде мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшаға барған балалар кезектен шығарылмай қалады", - деді ол.

Аймағамбетов лицензиялау мен аккредитацияның жоқтығы да бірқатар проблема тудырып отырғанын атап өтті.

Айта кетсек, қазір Қазақстанда барлығы 10 673 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде балабақшалар саны – 6 470, шағын орталықтар – 4 203.

Дереккөз: Sputniknews.kz

21 қазан 2019, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.