Атырау, 26 сәуір 16:46
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қазақстан азаматы мұнараға шығып, Путинмен сөйлестіруді талап етті

2 084 просмотра


Жас жігіт Ресейдің Иркутск облысы Усть-Кут қаласының теміржол стансасында шу шығарған, деп хабарлайды жергілікті ust-kut24.ru порталы.  

Мәліметке сай, 29 жастағы Қазақстан азаматы Ресейге мұнай компаниясына жұмысқа орналасуға барған, бірақ ол жұмысқа қабылданбаған. Ер адам үйге қайтуға мәжбүр болып, жол жүрер алдында ішімдік ішіп алған. Сол себептен пойыз басшысы мас жолаушыны мінгізуден бас тартқан.  

Бұны естіген азамат пойыз жүрер алдында 20 метрлік жарықтандыру мұнарасына шығып алып, "өз-өзіме қол жұмсаймын" деп қорқытқан. Бұған қоса, ол Ресей президенті Владимир Путинмен немесе ЛДПР партиясының лидері Владимир Жириновскиймен тікелей сөйлестіруді талап еткен. 

Басылымның хабарлауынша, ер адам құтқарушылар, полицейлер мен теміржол стансасының жұмысшыларына электр сымдарының изоляторларын лақтырған. Шамамен тоғыз сағат өткеннен кейін станса басшылығы бұзақының анасымен байланысқа шыққан.

Әңгіме барысында жігіттің әйелі жүкті екені анықталған. Бұдан кейін Қазақстан азаматы төменге түсіп, полицияға берілген. Ол ірі көлемде айыппұл салынғаннан кейін үйіне жіберілді. Мәліметке сәйкес, енді бұзақының Ресейге кіруіне тыйым салынуы мүмкін.

Дереккөз: Sputniknews.kz

21 қазан 2019, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.