Атырау, 24 желтоқсан 15:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Нұр-Сұлтан тұрғыны әйелін атып өлтіріп, ұлын жарақаттады

2 117 рет қаралды


Полицейлер өз отбасына оқ жаудырған Нұр-Сұлтан тұрғынын ұстады, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 20 қазан, жексенбі күні кешкі сағат 11-де болған.

Сағат 22:19-да полицияға елорданың 55 жастағы тұрғыны мен бес жасар бала оқ жарақатын алғаны туралы хабарлама түсті.

Белгілі болғандай, отбасылық жанжал кезінде 59 жастағы ер адам мас күйінде әйелін атып тастап, басқа некеден туған ұлын жарақаттаған.

Әйел бытыралы жарақаттан көз жұмды, бала ауруханаға жеткізілді.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Дереккөз: Sputniknews.kz

21 қазан 2019, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.