Атырау, 28 наурыз 19:21
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Жаңаөзен қалалық сотының судьясы пара алғаны үшін сотталды

2 694 просмотра


Жаңаөзен қалалық сотының судьясы 500 мың теңге пара алғаны үшін 3 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жаңаөзен қалалық сотының судьясы А.С. Сейілхановаға және сол қаладағы әкімдіктің ТКШ бас маманы А.Е. Ақназаровқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. А.Сейілханова Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімінің талап арызын қараусыз қалдыру туралы үкім шығарғаны үшін азамат А.Е.Ақназаров арқылы 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болатын. Бұл фактіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соттың ішкі қауіпсіздік және Жоғарғы соттың Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп анықтады. 

«17 қазанда Ақтау қалалық сотының үкімімен А.Сейліханова сотталып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы сот үкімімен А.Ақназаров та сотталып, оған 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді», делінген хабарламада. Аталған тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан айырылды.


Дереккөз: Inform.kz

18 қазан 2019, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.