Атырау, 24 желтоқсан 15:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Жанармай бағасы 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін

2 846 рет қаралды


Жанар-жағармай бағасы 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов Мәжіліс қабырғасында осылай деді. 

Ведомство басшысы оны акциз құнының өсуімен байланыстырып отыр. Қазір ол 8 теңгені құрайды. Алдағы уақытта тағы 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Өсім 6 пайызды құрамақ. Бұл бензиннің барлық түріне қатысты. Жан-жақты талқылаудан өтіп жатқан жоба 1 желтоқсаннан бастап күшіне енгізілмек. 

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі: "Бүгінде АИ-92 шамамен 150 теңге, кей жерлерде бір литрі 149-152 теңге. Көрші елдермен салыстырсақ, бұл өте аз. Бензин құнының жартысына жуығы акцизді құраса, бізде тек 8 теңге ғана. Баға ары кетсе 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Екі есе өспейді. 

Бұған дейін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев көрші елдермен салыстырғанда отандық жанар-жағармайдың құны арзан болғандықтан, шекара асып жатқанын айтқан еді. Сондықтан бензин бағасын кезең-кезеңімен шекаралас мемлекеттермен теңесетінін жеткізді. 



Дереккөз: Astanatv.kz

18 қазан 2019, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.