Атырау, 25 сәуір 18:08
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Маңғыстауда жаппай төбелесте 2 жігіт пышақталған

Бейнежазба
2 572 просмотра


Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында болған жаппай төбелесте 2 жігіт жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 жастағы 2 жігіт оқиға орнынан Шетпе ауылдық орталық ауруханасына жіберілген. Олар пышақтан жарақат алған. «Екі жігіттің біреуінде кеуде тұсы мен қарын бөлігі жараланған. Оған лапаротомия, бауырдың IV сегментін тігу, іш қуысын қалпына келтіру сияқты ота жасалған. Ал, екінші жігіт бұлшықеттінен пышақ жарақатын алған. Оған алғашқы хирургиялық көмек көрсетілді», - делінген хабарламада. Қазір екі жігіттің де жағдайы бірқалыпты. 


Еске сала кетсек, Шетпе ауылында болған төбелестің видеосы әлеуметтік желіде жарияланған еді. Оқиға 13 қазан күні болған.

Дереккөз: Inform.kz

17 қазан 2019, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.