Атырау, 24 желтоқсан 17:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Нұр-Сұлтан әуежайының коды 2020 жылғы қаңтарда өзгереді

2 639 рет қаралды


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Нұр-Сұлтан әуежайының коды қашан өзгеретінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазір әуежайдың үш әріптен тұратын кодын өзгерту бойынша жоспарлы жұмыс жүріп жатыр. «Биыл 14 қазан күні Варшавада (Польша) IATA Жолаушы тасымалдау стандарттары жөніндегі жиналысы (Passenger Standards Meeting) отырыс өткізді. Оған IATA-ның барлық мүшесі қатысты. Шарада Қазақстанның IATA-ның №763 Қарарына өзгертулер енгізу жөніндегі бастамасы қолдау тапты. Бұл Нұр-Сұлтан әуежайының үш әріптен тұратын кодын (TSE) өзгертуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада. 

Қазір астана әуежайының жаңа кодына бірнеше нұсқа ұсынылған. Соңғы нұсқа талқыланып жатыр. 763-қарарға өзгерту енгізу біраз уақытты қажет етеді. Министрліктің мәлімдеуінше, өзгерістер 2020 жылдың қаңтарында күшіне енуі қажет. Содан кейін IATA кодтың соңғы нұсқасын бекітеді.


Дереккөз: Inform.kz

17 қазан 2019, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.