Атырау, 24 желтоқсан 17:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​ҰҚК: Сириядадан оралған 14 қазақстандық террористік әрекет жасады деп айыпталып жатыр

Бейнежазба
3 510 рет қаралды


Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп "Жусан" операциясы шеңберінде Сириядан 595 қазақстандықты елге қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Оның ішінде 400-ден астамы балалар. Елге қайтарылған адамдардардың ішінде 10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу дерегі бойынша әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылған.  

"Тергеу нұсқасы бойынша Сирияда ДАИШ-тің бір жасағында болған тағы 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оларға террористік әрекетке қатысты "әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады" деген айып тағылды", - дейді ҚР ҰҚК ресми өкілі Аркен Абдуғали.  


Комитет мәліметінше, қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына берілген.  

Дереккөз: Tengrinews.kz

17 қазан 2019, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.