Атырау, 24 желтоқсан 17:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстан фермерлер одағының экс-басшысы 19 жылға сотталды

1 878 рет қаралды

Қазақстан фермерлер одағының бұрынғы басшысы Әуезхан Дарынов 19 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сот үкімімен Әуезхан Дарынов ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі, 122-бабы 1-бөлігі, 120-бабы 4-бөлігі, 121-бабы 4-бөлігі, 124-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 19 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен бірге, оған жасөспірімдер ісіне қатысты педагогикалық және өзге де жұмыспен айналысуға тыйым салынды», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, осы жылдың басында ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстан фермерлер одағы басшысының ұсталғанын хабарлаған болатын.

16 қазан 2019, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.