Атырау, 24 желтоқсан 17:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Дәрігерлер күйеуі өртеп жіберген әйелдің жағдайын айтты

2 426 рет қаралды


Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты дәрігерлері күйеуі үстіне бензин құйып өртеп жіберген әйелдің жағдайы қалай екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Науқастың реанимация бөлімшесінде жатқанына 9 күн болды. Жағдайы өте ауыр, күйген кезде алған қорқыныштан арылды. Гемодинамикасы тұрақсыз. Өмірлік маңызды органдардың қызметі дәрі-дәрмектің күшімен жұмыс істеп тұр. Болжам күмәнді, жағдайы жақсарып келе жатқан жоқ. Тірі қалу мүмкіндігі жайында айтуға әлі ерте», - дейді анестезиология, реанимация және қарқынды терепия бөлімшесінің дәрігер-реаниматологы Ербол Төлгенұлы. Оның атап өтуінше, науқас зонд арқылы тамақтанады, өкпесі жасанды жолмен тыныс алуда. «Қазір біз оған ешкімді кіргізбей отырмыз, қайтадан инфекция жұға ма деп қорқамыз. Ол оқшауланған. Туған-туыстары келіп жағдайын біліп тұрады. Біз түсіндіріп айтамыз. Ол ес-түссіз жатыр, өмірі жасанды жолмен аппарат арқылы қамтамасыз етілуде», - деді ол. 

Бұған дейін елордалық азаматтың отбасылық жанжалдан соң әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жібергенін хабарлаған едік.


 Дереккөз: Inform.kz

15 қазан 2019, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.