Атырау, 14 қаңтар 05:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Бағлан Майлыбаевты мерзімінен бұрын босату туралы арызы қанағаттандырылмады

2 390 рет қаралды


Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жария еткені үшін сотталған Президент Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевқа қылмыстық-мерзімінен бұрын босату туралы арызы қанағаттандырылмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Майлыбаев мерзімінен бұрын босату туралы арыз бергені белгілі болды.  "Қылмыстық істер бойынша сот коллегиясының 2019 жылы 4 қыркүйекте шыққан үкімімен оның мерзімінен бұрын босату туралы арызы қанағаттандырылмады", - делінген Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметінің өкілдері.  Еске салайық, Астана қаласының №2 Есіл аудандық соты 2017 жылдың 13 маусымында Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы мен Галихин Николай Николаевичке қатысты қылмыстық істі қарап, оларды ҚР ҚК-нің 361-бабының 1-бөлігі және 185-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты. Сот үкімі бойынша Майлыбаев мүлкі тәркілене отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

15 қазан 2019, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.