Атырау, 22 қараша 22:43
Түнде ашық-11, таңертең -8
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 386.44  € 428.37  P 6.06

​Шымкенттің зертханашылары анализдердің ойдан құрастырылатынын айтты  

15 қазан 11:46


Шымкентте шу шықты. Бұл жолы балалар ауруханасынан. Зертхананың қос қызметкері ауруханада ақылы жасалған сараптама қорытындылары жалған деп мәлімдеді. 

Тіпті мерзімі өткен дәрілер қолданылып келді деді. Осылайша балалар мен жүкті әйелдерге сапасыз анализдер жасалып келген көрінеді. Айзада Төребекқызы тараптарды тыңдады. Шымкенттегі клиникалық балалар ауруханасының қос зертханашысы жаға ұстатарлық жағдайға куә болғанына жылдан асқанын айтады. Бірі дәрігер-лаборант, екіншісі фельдшер-зертханашы болып жұмыс істейді. Айтуларынша бұл жерде өзге емханалардың да анализдері талданады. 

Раушан Төрегелдиева, дәрігер-лаборант: Қаланың барлық емханалары договорға тұрады. Олар біздерге ақша аударады анализ жасап беру үшін, мүгедек балалар, жүкті әйелдер, взрослый, детский барлық анализдер келеді. Бірақ ол келгенмен алдамшы немен қабылдап алады да, кеткесін ол мусорға кетеді.  Результатқа келген кезде жалған ақпарат Юнусходжаева Нигора жазып беріп отырған, қолдан. Чувствительность к антибиотикті өтірік, бактерияны да бәрін өзі ойына не келеді соны жазып отырған. Тексеру ешқашан болған емес, анализ істелінбеген. Олар сараптама жасалған күнде де, сақтау мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен препараттар қолданылып келгенін айтып отыр. Олардың сақтау күнін жасыру үшін қағазын өшіріп, жаңасын жапсырған көрінеді. Дәлел ретінде мына бейнежазбаны ұсынды. 

Гүлнәр Сәрсенбаева, фельдшер-лаборант: Ол бізде бак лабораториядағы мысалы үшін инфекцияларды өсіру үшін, соны біз өсіріп лабораторияда, өсіру жолымен антибиотик қойып соған, қандай антибиотиктерге сезімтал екенін анықтаймыз. Сөйтіп балаларға сол қандай антибиотик әсер ететінін айтып, соны береміз біз. Срогы өтіп кеткеннің оның несі болмайды, жақсы өспейді бактериялар мысалы үшін инфекция жақсы өспейді. Анализ дұрыс берілмейді. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәселені бақылауына алды. Қызметтік тексеріс те басталған. Ол бұл жазба әлдекімдердің арандатуы болуы мүмкін деп топшылайды. 

Асхан Байдувалиев Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: Неғылған құты екенін сұраттым мен, тіркеу нөмірі бойынша тексеріңдер, бізде тіркелген ба жоқ, па дегенімде біздің адамдар кеше-ақ тексергенде бұл тауарлар біздің реестрде тіркелмегенін анықтаған. Демек ол құтыларды сырттан әкелген болуы мүмкін. Соған қарап, алдын ала мен бұны әлдекімдердің арандатуы деп ойлап отырмын. Қазір осы істің ақ-қарасын анықтауға полиция мен прокуратура да жұмылдырылды. Шымкенттің бас дәрігері егер қолдан ұйымдастырылғаны анықталса, дауды ұйымдастырғандардың барынша қатаң жазалануын талап етемін деп отыр. 



Дереккөз: Astanatv.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

779 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3