Атырау, 10 мамыр 15:00
 ашықВ Атырау +13
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қазақстан БАӘ мен Қатар шейхтеріне дуадақ аулауға рұқсат берді

2 980 просмотра


Қазақстан үкіметі Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатардың төрт шейхіне 2019 жылғы қазан мен қараша айларында ел аумағындағы қорықтарда ителгімен дарақ жек дуадақ аулауға ресми рұқсат берді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мәмин қол қойған үкімет қаулысы Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында жарияланды.

Қаулыға сәйкес, БАӘ шейхі Халиф Бин Заед әл-Нахаянға сұңқармен Түркістан облысындағы Арыс және Қаратау қорығының аумағында 43 дуадақ және Жамбыл, Қызылорда мен Түркістан облыстарындағы Оңтүстік Қазақстан қорығында 90 дуадақ аулауға рұқсат берілген.

БАӘ-нің тағы екі шейхі – Суруру және Сеиф Бин Мұхаммед әл-Нахаянның әрқайсы Маңғыстау облысындағы Кендірлі – Қаясан қорығынан 43 дуадақ аулауға рұқсат алған.

Қатар шейхі Жасем Бин Хамад Бин Халифа әл-Таниге Жамбыл облысындағы Аңдасай қорығы аумағында 27 дуадақ және Алматы мен Жамбыл облыстарындағы Жусандала қорығында 30 дуадақ аулауға рұқсат берілген.

Үкімет Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары әкімдеріне шетелдіктерге "қажетті жәрдем көрсету", ал кеден қызметіне Қазақстанға шейхтер саятшылық мақсатымен әкелетін және әкететін ителгілерді тиісті тәртіп бойынша рәсімдеуді тапсырған.

Шейхтер Қазақстан аумағында аулаған әр құсқа ел бюджетіне 260 айлық есептік көрсеткіш (656 600 теңге немесе 1700 доллар) көлемінде ақша төлеуі тиіс.

Қазақстанда дуадақ жойылуға шақ тұрған сирек құс ретінде Қызыл кітапқа енгізілгенімен үкімет талай жылдан бері шетелдік шейхтерге оны аулауға рұқсат беріп келеді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

12 қазан 2019, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.