Атырау, 10 мамыр 12:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Тоқаев менімен кеңеседі - Назарбаев

2 714 просмотра


Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа айтқан кеңестері жайлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Президент Тоқаев менімен кеңеседі. Маған жүгінген кезде тәжірибем көп болғандықтан, ел үшін осындай кеңестер беремін. Бірақ кеңес кеңесімен, шешімді кеңес сұраған адам қабылдайды. Президентіміз күн тәртібіндегі бірінші пункт деп сабақтастықты атады. Мен де сабақтастық болғанын, даму курсы, елдің тұрақтылығы сақталғанын қалаймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында.

"Черчилльдің жақсы сөзі бар, сондықтан билікті қабылдағанға қарағанда, оны берген әлдеқайда жақсырақ екеніне күмәнім жоқ. Оның мағынасы қандай деп ойлайтынмын. Себебі қабылдау - қолыңнан келсе де, келмесе де, өзіңе жауапкершілікті, халықтың, бәрінің алдында үлкен жауапкершілікті алу. Егер қолыңнан келмесе, онда не үшін барасың?", - деді Елбасы. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

12 қазан 2019, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.