Атырау, 10 мамыр 18:52
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Бишімбаев Президенттен рақымшылық сұрады

2 354 просмотра


ІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдері Қуандық Бишімбаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішті қанағаттандыру себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

25 қыркүйекте Шымкент қаласының Абай аудандық сотында Бишімбаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қаралды. "Сот өтінішті қанағаттандырды. Соттың тиісті шешімі 11 қазанда заңды күшіне енді. Мұның алдында Бишімбаев Мемлекет басшысына кешірім жасау туралы өтінішхат жолдаған болатын, ол 2019 жылдың ақпанында тағайындалған жаза мерзімін қысқартты. Бишімбаев кінәсін толық мойындады және өкінетінін айтты. Сот талаптары орындалды. Ол жазасын өтеп жүргенде оң мінездеме алды және мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысты", - деп хабарлады комитет өкілдері. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қарау кезінде сотталушының бас бостандығынан айыру орындарындағы мінез-құлқы, талаптардың өтелуі, кінәні мойындау және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі өтеу қажеттілігінің жоқтығы туралы куәландыратын басқа да жағдайлар ескеріледі.

Дереккөз: Tengrinews.kz

11 қазан 2019, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.