Атырау, 24 желтоқсан 17:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты

2 434 рет қаралды


Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның қорғаушысы Мәди Мырзағараев хабарлады. 

2018 жылдың наурызында Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол пара алғаны және ақша ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған.  Сот төрт айдан астам уақытқа созылды. Бишімбаевпен бірге тағы 22 адамның ісі қаралған, олар: "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ-ның бұрынғы қызметкерлері, кәсіпкерлер мен құрылыс компанияларының өкілдері. 2019 жылы ақпанда Бишімбаев Шымкент қаласындағы орта қауіпсіздік мекемесіне ауыстырылған.


Дереккөз: Tengrinews.kz

11 қазан 2019, 13:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.