Атырау, 17 қазан 21:40
Түнде ашық+9, таңертең +14
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 389.81  € 430.27  P 6.06

Алматыдағы дәрігерлер ісі: Күдебаев қызметінен шеттетілген жоқ – ІІМ

10 қазан 14:49


Алматы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев аттестацияға дайындалып жатыр. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әрине, ол жұмыста. Қызметінен шеттетумен байланысты шаралар жоқ. Ол аттестацияға дайындалып жатыр. Аттестация келесі аптадан басталады", - деді Калайчиди сенат кулуарында.

Ол Күдебаевтың отбасындағы трагедияға байланысты еңбек демалысына шықпағанынын атап өтті.

Еске сала кетсек, Алматының бас полицейінің ұлы Нұрсұлтан Күдебаев жол апатына ұшырап, осы жылдың 27 тамызында Германиядағы емханалардың бірінде көз жұмды. Бұған дейін ол Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханада ем алған.

Осыдан кейін аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаев кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамады деген күдікпен қамауға алынды. Алматылық дәрігерлердің ісіне Қазақстан президенті араласып, дәрігерлер босап шықты.

Оларға Қылмыстық кодекстің 317-бабы, 3-бөлігі "Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы" бойынша айып тағылып отыр.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев дәрігерлердің қамауға алынуына Алматы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

362 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3