Атырау, 24 желтоқсан 16:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Елордада психдиспансерден қашқан күдікті ұсталды

2 209 рет қаралды


Нұр-Сұлтан қаласында психдиспансерден қашқан күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлайды елорданың ПД баспасөз қызметі. 

«22:40-та Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қызметкерлері кешенді жедел іздестіру іс-шаралары кезінде тергеу үшін қамаққа алынған ер адамды ұстады. Ол 9 қазан күні 12:22-де Жансүгіров көшесінде орналасқан ШЖҚ «Психикалық денсаулықтың медициналық орталығы» МКК аумағынан қашып кеткен. Ол тергеу изоляторына қамауға алынды. Тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тұрғындардан іздеу жұмыстары кезінде қаладан шығар жолдарда туындаған уақытша ыңғайсыздық үшін кешірім сұрайтынын мәлім етті. Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша айыпталған ер адам психо-неврологиялық диспансерден қашып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.


Дереккөз: Inform.kz

10 қазан 2019, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.