Атырау, 24 желтоқсан 17:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

2 936 рет қаралды


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанға ресми сапармен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Тараптар екі жақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады, сондай-ақ, аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты. Мемлекет басшысы Сергей Лавровтың Қазақстан астанасына ресми сапармен келуі екі жақты қарым-қатынастарға қосымша серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар Президент Сочидегі Валдай форумынан алған әсерімен бөлісіп, жиынның жоғары деңгейде өткенін айтты. 

– Біздің елдеріміздің арасында ешқандай күрделі мәселе жоқ. Қазақстан мен Ресей сияқты әріптестер үшін солай болуы да заңдылық. Біз одақтастығымызды бекітіп және дамытуға ниетті стратегиялық әріптестерміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сергей Лавров Мемлекет басшысына Қазақстан-Ресей арасындағы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылып жатқаны туралы мәлімет берді. Сонымен қатар ол екі елдің сыртқы істер министрлері келіссөздерінің қорытындысы туралы айтты. – Біздің пайымдауымызша, байланыстарымыздың дамуы жақсы. Қарым-қатынастарымыздың дамуына жоғары деңгейде берілген серпін, біз үшін барлық бағыттағы өзара іс-қимылдарымызға бағдар болуы тиіс, – деді ресейлік дипломат.



9 қазан 2019, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.