Атырау, 25 сәуір 08:57
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Үмітті ақтамадыңдар – Құлыбаев бокстан ұлттық құрама бапкерлерін қатаң сынға алды

2 384 просмотра


Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев бокстан ұлттық құрама бапкерлерін қатаң сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Левитке қатысты әділетсіздік болды деп жатырсыздар. Ендеше, ол мәселені уақтылы көтеру керек болатын. Ал сіздер бүгін бізді заңгерлік мүмкіндіктен айырып отырсыздар. АІВА-да, Халықаралық Олимпиада комитетіне де шыға алмаймыз енді. Себебі, сіздер регламентті орындамадыңыздар. Сіздер біздің бәріміздің үмітімізді ақтамадыңыздар. Сол себепті, сөгіс сіздерге әділетті түрде жарияланды. Әйтсе де, Әлем чемпионатына боксшыларды жақсы шыңдап барғандықтан, сіздерді сыйақыдан айырған жоқпыз. Сол себепті, алдағы уақытта бас бапкер ретінде толығымен міндетіңізді орындауыңыз керек. Бүкіл командаға үлгі болып, адамдарды бағыттау қажет», - деді Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясының отырысында. 

Еске сала кетсек, Ғалымбек Кенжебаев бастаған бокстан ұлттық құраманың барлық бапкерлеріне сөгіс жарияланған болатын. Бұл шешімді Қазақстан бокс федерациясының жаттықтырушылар штабы Екатеринбургтегі Әлем чемпионат нәтижелерін сараптай отырып қабылдады. ӘЧ-нің жартылай финалында Василий Левиттің айқасында төрешілер эквадорлық боксшының жеңісіне күмәнді шешім қабылдаған болатын. 

Левиттің секунданттары айқастың нәтижесіне наразылық білдіруі керек еді. Ережеге сәйкес, жаттықтырушылар төрешілерге жекпе-жектен кейін 60 секунд ішінде сары қағаз беруі тиіс. Бірақ, секундандтар бұл құқықты бірден пайдаланбай, уақыт жоғалтып алған.

Дереккөз: Inform.kz

9 қазан 2019, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.