Атырау, 24 желтоқсан 16:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қарағандыда белгісіз адам жолаушылар толы 3 автобусқа оқ атты

3 553 рет қаралды


Қарағандыда кешкі уақытта белгісіз адамдар аялдамада тұрған жолаушы автобустарына пневматикалық қарудан оқ атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Оқиға 8 қазан күні сағат 19.00 шамасында болған. Белгісіз адам пневматикалық қарудан оқ атып үш бағыттағы автобустың шынысын зақымдаған. Сол кезде №40 автобустың салонында 45-ке жуық, №45 маршрутты автобуста 120-ға жуық және №33 автобуста 70-ке жуық жолаушы болған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. «Жағдайды тексеру барысында №45 маршруттық автобус салонынан пневматикада қолданылатын диаметрі 4,5 мм металл шарик табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293 - бабының 3-бөлігінің 2-тармағы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс тіркелді», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау шараларын қабылдауда.


 Дереккөз: Inform.kz

9 қазан 2019, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.