Атырау, 24 желтоқсан 17:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Ғабит Байжанов ҰҚК Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

3 130 рет қаралды


Мемлекет басшысының Өкімімен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ғабит Жақыпбайұлы БАЙЖАНОВ 1963 жылы 1 қарашада дүниеге келген. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі директорының орынбасары (2007); «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (2009-2015); «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры (2015-2018). 

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болды. 2019 жылғы ақпаннан бері «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры қызметін атқарған.



8 қазан 2019, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.