Атырау, 20 наурыз 21:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63

Тікелей халықаралық әуе рейстерінің санын арттыру қажет – Тоқаев

2 539 рет қаралды


Елордадан тікелей халықаралық әуе рейстерінің санын арттыру қажет. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен қаланы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Халықаралық әуе қатынастары санын арттыру маңызды мәселе саналады. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтаннан халықаралық бағытта 30-дан аз тікелей рейс орындалады. Бұл – жеткіліксіз», - деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президентінің айтуынша, елорда өзін халықаралық орталық ретінде көрсетіп отыр. 

«Әуені ашу қажет. Бұл – менің Үкіметке тапсырмам. Ең танымал, ең беделді компания болса-дағы бетінен қағудан қорықпау керек. Әуені ашу керек», - деді Қ.Тоқаев.


Дереккөз: inform.kz

8 қазан 2019, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.