Атырау, 20 наурыз 21:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63

"Біртүрлі отыр": Тоқаевқа елорда әкімдігінің "креативі" ұнамай қалды

3 334 рет қаралды


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөніндегі жиында шақырылған қонақтардың қалай отырғанына көңілі толмай қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновтің баяндамасынан кейін президент әкімдікке шақырылған шенеуніктердің ыңғайсыз отырғанын айтты.

"Қарап отырмын, жиынға келгендерді біртүрлі отырғызыпсыздар. Біз мында отырмыз, ал шақырылған қызметкерлер, қалалық мәслихаттың депутаттары бір-біріне қарап отыр. Бұл не қылған креатив? Жиналыс кезінде отырғызудың классикалық үлгісі бар емес пе?! Аудитория, шағын президиум. Орынсыз креатив. Адамдар бір-біріне қарап, ыңғайсыз отыр", - деп сынап тастады Тоқаев.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан әкімдігінде астананы одан әрі дамыту мәселелері жөнінде жиын басталды. Мәжілісті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Жиынға министрлер, облыс әкімдері, депутаттар шақырылған.

Дереккөз: Sputniknews.kz

8 қазан 2019, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.