Атырау, 17 мамыр 10:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​"Даусын естімедім". Атырауда көз жұмған нәрестенің анасы

2 962 просмотра


Атыраулық дәрігерлер сотқа тартылып отырған істегі нәрестенің анасы, 24 жастағы Нұржамал Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында дәрігерлер оған баланың өлгенін бірден хабарлағанын айтты.  

Оның айтуынша, босану сәтінде ол есін біліп жатқан. Жас ана сәби туған сәтте оның даусын естімеген.  "Ол - біздің тұңғышымыз еді. Біз биыл сәуірде шаңырақ құрғанбыз. Мен босанғаннан кейін дәрігерлер баланың шетінеп кеткенін айтты. Жолдасым тиісті органдарға шағым жазды. Басқа ештеңе айта алмаймын", - деді Нұржамал.  

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі дәрігерлер дүниеге келген нәрестені шетінеп кетті деп жазып жіберді деген күдікке ілінгенін хабарлаған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олар тіршілік белгілері білінген баланы құтқарып қалудың орнына сәбиді құжаттарға сәйкес тоңазытқышқа салып қойған делінеді. Дәрігерлердің мұндай әрекетіне мәліметтер базасында сақталып қойған құжаттарды түзеу мүмкіндігі болмағаны болуы мүмкін.  

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қаза болған нәрестенің отбасына көңіл айтқан. Ол тергеу жұмыстарының нәтижесін күтуге шақырған. Президент Әкімшілігі Атырау облысындағы нәрестелердің қаза болу жағдайларының күрт артуы мәселесін шешуді тапсырған.  

Дереккөз: Tengrinews.kz


8 қазан 2019, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.