Атырау, 24 желтоқсан 18:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Дариға Назарбаева оқытушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

3 479 рет қаралды


Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева оқытушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Сіздерді Ұстаздар күні – кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл әрқайсымызға өте жақын, мейірім мен ізгілік шуағы төгілетін мереке. Өйткені ұстаз – бұл жай ғана мамандық иесі емес, адам жан-жүрегімен таңдаған аса жауапты, өте қадірлі қызмет», - деді Сенат Төрағасы. 

Спикердің айтуынша, «Мұғалімнің мақсаты – білімді әрі зердесі ояу, қазіргі заманға лайық саналы ұрпақ тәрбиелеу. Біздің балаларымыздың бойына жақсы дағды мен қатар білімге деген құштарлық пен өз-өзіне сенімділікті, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау қасиетін сіңіру бүгінгі күнде маңызды болып отыр».

«Біз қазақстандық ұстаздарды шын жүректен мақтан тұтамыз. Бүгінгі мереке – бұл барлық оқушыларға, қазір оқып жатқан оқушыларға да, мектеп түлектеріне де өз ұстаздарына ризашылығын жеткізудің тамаша мүмкіндігі. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тілеймін! Оқушылар өз жеңістерімен және жетістіктерімен қуантсын!», - деді Дариға Назарбаева.

Дереккөз: Inform.kz

5 қазан 2019, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.