Атырау, 17 мамыр 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Вице-министр: Мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы қаулы әзірленді

2 388 просмотра


Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Нұрғиса Дәуешов Қарағанды облысы, Осакаров ауданына барды. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің бас.пасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Онда вице-министр жергілікті тұрғындармен, зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы туралы, маңызды құжатта көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жайында айтып берді. 

Мемлекет басшысының жолдауында мәдени сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше басымдық берілгеніне тоқталған Нұрғиса Дәуешов Министрлік 2020 жылдан бастап мәдениет және өнер қызметкерлерінің жалақысын арттыру үшін тиісті қаулы әзірлегенін жеткізді. Құжат жыл соңына дейін қабылданбақ. 

Еске салсақ, бұған дейін Ақтоты Райымқұлова мәдениет қызметкерлерінің жалақысы қаншаға өсетінін айтқан болатын.

Дереккөз: Inform.kz

5 қазан 2019, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.