Атырау, 22 желтоқсан 21:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

«Қорғас ісінің» белгілі фигуранттары бостандыққа шықты

3 148 рет қаралды


«Қорғас ісінің» белгілі фигуранттары – ҰҚК бұрынғы полковнигі Талғат Жақаев пен Алматы облысы бойынша кеден комитеті департаментінің экс-бастығы Құрманбек Артықбаев бостандыққа шықты, деп хабарлады ҚазТАГ ХАА-ға дерек көзі. 

«Артықбаев пен Жақаев Семейде ОВ 156/14 мекемесінен бостандыққа шықты. Олармен бірге күш құрылымындағы бұрынғы жоғары лауазымды екі қызметкер де босатылды», - деді сәрсенбіде агенттік тілішісіне дерек көзі. 

Еске салсақ, Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық іскери соты 2014 жылдың сәуірінде ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық құрғаны және Алматы облысының кеден аумағы маңында экономикалық контрабанда жасағаны үшін құқықықорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері мен басқа да тұлғаларына қатысты үкім шығарды. 

Сот ҚР ҰҚК экс қызметкерлері Т.Жакеев пен И.Абдрахмановты 17 жылға бас бостандығынан айырды, Ақмола облысы бойынша ҰҚКД бастығының экс-орынбасары Б.Құрманалиевті 16 жылға, Алматы облысының кедендік бақылау департаментінің бұрынғы бастығы Құрманбек Артықбаевты 14 жылға бас бостандығынан айырды. Құқыққорғау органының жоғары лауазымды қызметкерлері айыптауды қабылдамай, кінәларын мойындамаған еді. 

Дереккөз: ҚазТАГ

3 қазан 2019, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.