Атырау, 5 мамыр 09:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Тараздағы алаңға Назарбаев атауы берілді

2 256 просмотра


Тараз қаласындағы "Достық" алаңына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атауы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Осындай қаулы "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің порталында жарияланды. Мәтінде тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Жамбыл облысының әкімдігі қаулы етіп және Жамбыл облыстық мәслихаты Тараз қаласының "Достық" алаңын "Нұрсұлтан Назарбаев" алаңы деп қайта атау шешімін қабылдағаны айтылады.  "Осы нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

2 қазан 2019, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.