Атырау, 5 мамыр 07:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Астанаға іссапармен келген басшының неден көз жұмғаны белгілі болды

2 961 просмотра


Қостанай облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Нұр-Сұлтанға іссапармен келіп, өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өз-өзіне қол жұмсады. Тексеріс жүріп жатыр. Бізде көз жұмған, жарақат алған барлық қызметкерге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі", - деді министр үкімет кулуарында.

Тұрғымбаев ер адамның астанаға норматив тапсыру үшін келгенін атап өтті. Норматив үш жылда бір тапсырылады екен.

Бұған дейін БАҚ-та Александр Глазконың денесі елордадағы қонақ үйлердің бірінен табылғаны хабарланған еді.

Ол қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметін 2002 жылы бастаған. 2017 жылдың ақпанынан Қостанай облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары болды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

1 қазан 2019, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.