Атырау, 5 мамыр 09:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Белсенді Данияр Хасеновке қозғалған іс тоқтатылғаны хабарланды

1 920 просмотра


Алматы қаласында тұратын белсенді Данияр Хасеновтің үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған. Бұл туралы Азаттыққа оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.

Данияр Хасеновтің үстінен 21 маусымда Қазақстанда тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының «идеяларын белсенді қолдады және жұмысын ұйымдастырға қатысты» деген айыппен Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған.

Тергеуші Толғанай Ержанова 4 қыркүйекте шығарған қаулыда «Данияр Хасеновтің әрекетінде қылмыс байқалмаған» деп көрсетілген.

Данияр Хасенов қылмыстық іс тоқтатылғаны жайлы естігенін, қазір Еуропада адам құқығы бойынша Италия федерациясы өткізетін «кездесулер мен конференцияларға қатысып жүргенін» айтты.

Хасенов жайлы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен комментарий алу мүмкін болмады.

Алматы медицина университетінің студенті, FIDU еріктісі 23 жастағы Данияр Хасенов «рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін» бірнеше рет ұсталған.

Қазақстан билігі бұрын оның «Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясы жиынында Қазақстандағы адам құқығы жайлы» Еуропаға барып сөйлеуіне кедергі жасаған. Алайда ол қыркүйекте Варшавада өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының дәстүрлі отырысына қатысып, "митинг туралы заңды бұзды" деген айыппен Қазақстан азаматтарының жауапқа тартылып, қамауға алынатыны жайлы сөйлеген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

1 қазан 2019, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.