Атырау, 5 мамыр 06:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Дәрігерлердің қамауға алынуына Күдебаевтың қатысы жоқ - ІІМ басшысы

2 095 просмотра


Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыда дәрігерлерді қамау ісі бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Үкімет кулуарында журналистер министрден Алматы қалалық полиция департаменті басшысының ұлы - Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне қатысты тергеуге іліккен алматылық дәрігерлердің ісі бойынша пікір білдіруді сұрады.  "Біріншіден, ішкі істер министрлігі, Серік Күдебаевтың ұлы жұмыс істеген прокуратура, тергеу жүргізген жоқ. Тергеуді үшінші орган жүргізді, бұл Экономикалық тергеу қызметі. Министрлік, прокуратура тарапынан қысым көрсету болған емес. Осы орган өздігінен шешім шығарды, ал санкцияны сот береді", - деді Ерлан Тұрғымбаев. 

Оның айтуынша, Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы тергеу ісіне еш қатысы жоқ екен.  Министр неліктен осы іспен экономикалық тергеу қызметі айналысатынын түсіндірді "Тергеу ісіне мүдделі қызметкерлер болса, басқа органдардың басшыларымен туыстық қарым-қатынас болса, үшінші құқық қорғау органына беру туралы шешім қабылданады. Мұнда үшінші орган - Экономикалық тергеу қызметі. Прокуратура осындай шешім қабылдады", - деді ол.

Дереккөз: Tengrinews.kz

1 қазан 2019, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.