Атырау, 6 мамыр 05:29
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Енді мекенжай туралы анықтама берілмейді - министрлік

6 742 просмотра


ҚР Ішкі істер министрлігі азаматтарды тіркеу туралы анықтама қағазын беру процесін электронды форматқа көшірді, деп хабарлайды Zakon.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар азаматтарды тіркеу туралы анықтама қағазын беру ең көп қолданылатын мемлекеттік қызметтердің бірі болып табылатындығын айтады.

- Жыл сайын құжаттар алу үшін, жеңілдіктер мен жәрдемақыларды тіркету және басқа да мақсатта мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сұратуымен тұрғындар 10 миллионнан астам мекенжай анықтамасын алады. Жұмысқа орналасу кезінде, мектептерге, балабақшаға, емханаға, банктерге және тағы басқа кезге де деп анықтама алу үшін қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталығының, мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырып, үнемі кезек күтуге мәжбүр. Ішкі істер министрлігі өзінің мәліметтер базасын басқа мемлекеттік органдармен біріктірді, бұл халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тетігін жетілдіріп, қызметті оңай етті. Атап айтқанда, мекен-жай анықтамаларын беру процесі мүлде алынып тасталды, өйткені бұл деректер барлық мемлекеттік органдардың мәліметтер базасында бар, - деді ҚР ІІМ.

Қағазбастылыққа жол бермес үшін әрі уақытты үнемдеу үшін мекенжай туралы анықтама енді сұралмайды.

- Қазір нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде. Дегенмен азаматтардың өзі электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінің көмегімен мекенжайы туралы ақпаратты тексере алады. Тұрғын-үй копператив иелері порталда немесе "электрондық үкіметтің" мобильді қосымшасы арқылы сол мекен-жайда тіркелген адамдар туралы ақпаратты тексере алады. Мекен-жай анықтама қағазын беруді тоқтату қағазбастылықты жойып, анықтама үшін халықтың ХҚКО-ға бей-берекет ағылуын тоқтатады, дейді министрліктегілер.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі азаматтарды тіркеуге байланысты басқа да бірқатар мемлекеттік қызметтерді жеңілдетіп, оңтайландырды.

- Жыл соңына дейін "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында ҚР ІІМ тағы сегіз қызметті электронды форматта халыққа ұсынуды жоспарлап отыр. Осылайша, Ішкі істер министрлігі халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 90 пайызға жуығы автоматтандырылады, - дейді ондағылар.

Дереккөз: Zakon.kz

30 қыркүйек 2019, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.