Атырау, 6 мамыр 05:42
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Әйелдердің зейнет жасы 67-ге дейін ұзармайды – Қаржы министрлігі

4 568 просмотра


Қаржы Министрінің Мәжіліс қабырғасында «әлемде өмір сүру сапасының артқаны» туралы мәлімдемесі әйелдердің зейнет жасы туралы қате ақпараттың тарауына түрткі болды.  

«Қазақстанда зейнет жасы 65-67 жасқа дейін ұзарады» деген тақырыппен шыққан ақпарат әлеуметтік желіде жылдам тарап кетті.  Фейсбуктағы  белсенділер http://kazaknews.kz дейтін сайтттың атауына  мән бермей, мәселені ашық талқылауға шығарып жатыр. Ағылшын тілінің ережесі бойынша, ақпараттық портал атауы халықаралық стандартқа сәйкес қолданылатын қазақ сөзіне келіңкіремейді.  «Казак» сайтының сілтемесін «NAQ» партиясын құрып, сайлауға түсуге дайындалып жүрген алматылық белсенді Тоғжан Қожалиева да іле –шала бөліскен. Ол «Мүмкін әйелдерді, біржола 90 жаста зейнетке шығрамыз», - деп ашуын білдіреді.

Сондай ақ, бұл ақпарт астанадағы 146 мың оқырманы бар пабликтердің бірінде тарап кетті. Жарияланым үш сағаттың ішінде 409 лайк, 300-ге тарта пікір жинаған. 100 ден аса адам бөліскен.  

Алайда ҚР Қаржы министрінің баспасөз хатшысы бұл ақпараты жоққа шығарып, «Azattyq Rýhy»-на сұқбат берді.

«Қаржы министрілігі бұл сұрақ бойынша шешім шығаратын органға жатпайды. Ал Әлихан Смаилов Премьер-Министрдің орынбасары ретінде Ұлттық сенім кеңесінде зейнет жасын төмендетуге байланысты көтерілген ұсыныстардың қарауға алынғанын және тиісті мемлекеттік органдар өз позицияларын даярлап жатқанын ғана мәлімдеді», - деді, Динара Әлімова.

Еске салайық, өткен аптада Мәжіліс отырысынан кейін ҚР Премьер-министріні орынбасары және Қаржы министрі Әлихан Смаилов елімізде адамдардың өмір жасы ұзарып жатқанын айтқан болатын. «67» деген сан министрдің аузынан сол кезде шыққан. 

 «Бүкіл әлемде әйелдер зейнетке 65,67 жасқа шығады. Себебі әлемде адамдардың өмір сүру сапасы жақсарып, жастары ұлғайып жатыр...Бізде де 65 жастан асқандар  көбеюде, олардың саны халықтың 7%-ынан асып кетті. Яғни, біз БҰҰ стандарттарына сәйкес адамдары қартайып жатқан елге жатамыз... Егер біз зейнетақы жүйесі тұрақты және зейнеткерлерге лайықты өмір сыйлағанын қаласақ, елдегі барлық жүйенің тұрақтылығын қарауымыз керек», - деген, ол.

Әйелдердің зейнет жасы ұзартылатыны туралы шешімді  Қаржы министрігі қыбалдамайды. Мәселе күнтәртібіне шыққан күнде де ол туралы ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі хабарлауы тиіс.  

Заңгер Айдар Сейтхожин әлеуметтік желіде жалған ақпаратпен бөліскен адамдарға заңмен жаза көзделгенін айтады. Қылмыстық кодекстің 274-бабына сай, жалған ақпарат таратқандарға 1000 АЕК айыппұл салуға болады. Немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, төрт жүз сағаттық қоғамдық жұмыс, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазаларының бірі қолданылады.

Дереккөз: Azattyq-ruhy.kz


 

30 қыркүйек 2019, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.