Атырау, 6 мамыр 11:56
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Ақтөбе облысы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры сотталды

2 427 просмотра


Ақтөбе облысы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры пара бергені үшін сотталды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 

«Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ "№2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ директоры К.В.Панға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол Ақтөбе қаласы "Астана ауданы прокуратурасы бөлімінің аға прокурорына КММ тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтарды көрсетпегені үшін 1,5 млн. теңге сомасында пара берді деген күдікке ілінген болатын" делінген хабарламада. 

Мәліметке сай, К.В.Пан 26 қыркүйекте Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен пара бергені үшін сотталды және мемлекеттік қызметте лауазымдық қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 22,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.


 Дереккөз: Inform.kz 

30 қыркүйек 2019, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.