Атырау, 27 ақпан 21:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.75
€ 591.96
₽ 6.52

Елімізде азық-түлік бағасы тағы қымбаттады

2 925 рет қаралды


Қазақстанда көкөніс, ет, балық, жұмыртқа және өзге де азық-түлік түрлері қымбаттады деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Сарапшылардың пікірінше, биыл жаңа піскен көкөніс пен жеміс-жидектер ерте таусылып, соның салдарынан баға өсіп отыр.

Қыркүйек айында орамжапырақ және қияр шамамен – 15, сарымсақ – 7,3, бұршақ – 1,7 пайызға қымбаттаған. Дегенмен, пияз (25,2%), сәбіз (22,8%), қызылша (9%), картофель (8,2%), қызанақ (1,4%) секілді көкөніс түрлері айтарлықтай арзандап отыр.

Бұдан бөлек, қыркүйекте жұмыртқа – 6,1 пайызға, мұздатылған балық – 2,3 пайызға, сиыр еті – 2,1 пайызға, жылқы еті 2 пайызға қымбаттады.

Сондай-ақ, бидай мен күріштің де бағасы 3,1 және 2,2 пайызға көтерілген. Ал, сусындар бағасында ешқандай өзгеріс жоқ.

Дереккөз: Azattyq-ruhy.kz

30 қыркүйек 2019, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.