Атырау, 24 желтоқсан 20:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Жаңаөзенде ауруханада болған жағдайды камераға түсірген

Бейнежазба
3 292 рет қаралды


Жаңаөзенде балалар жұқпалы аурулар ауруханасында төрт жасар бала мен оның әпкесінің көздері күйіп қалған. Оқиға палатаны зарарсыздандыру салдарынан болған, медициналық қызметкерлер кварц шамдарын қосып, бөлмеде адам бар-жоғын тексермеген, - деп хабарлайды inAktau.

Біршама уақыттан соң кварцталғаннан кейін бала мен туысы көздерінің қатты ісіп кеткенін және қышынғанына шағымданған.  "Қараңыздар, көздерін мүлде аша алмайды. Осы медбикелер. Олар өздері қоспаған, санитарға айтқан, ол болса 45 минутқа бір-ақ қосқан", - дейді видеода отбасының туысы.  


Осы оқиғадан кейін, ауруханада басшысының қатысуымен жиналыс өткен. Жұқпалы аурулар бөлімінің жетекшісіне ескерту жасалды, Аға медбике сөгіс алды. Ал екі медбике өз еркімен жұмыстан шығып кеткен. Аурухана басшысының орынбасары осы жағдайды өз бақылауына алып, науқастармен кездескен", - деді облыстық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері.  Қазіргі уақытта науқастар үйлеріне жіберілді, олар қажетті емдеу шараларын алып жатыр. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

29 қыркүйек 2019, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.