Атырау, 6 мамыр 04:19
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

АҚШ мемлекеттік департаменті "Атажұрт еріктілері" ұйымының тіркелгенін құптады

2 146 просмотра


АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды қызметкері Қазақстан билігінің Шыңжаңдағы аз ұлттардың қысымға ұшырау мәселесін көтеріп жүрген "Атажұрт еріктілері" ұйымын тіркегенін құптады.

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі міндетін атқарушы Элис Уэллс Twitter-дегі парақшасында Қазақстанның әділет министрлігінің әрекетін құптап, енді бұл ұйым өкілдері Шыңжаңдағы аз ұлттар мәселесін көтеріп "миссиясын жалғастыра алады" деді.

"Мұндай үлкен проблемаға қарсы тұру үшін "Атажұрт" сияқты халықаралық ұйымдардың үні керек" деді ол.

Осы аптада "Атажұрт еріктілері" ұйымы өздерін Алматы қаласы әділет департаментінің тіркегенін хабарлады. Ұйым бұған дейін бірнеше рет тіркеуге өтініш бергенімен "құжаттарының дұрыс еместігіне" байланысты тіркеле алмаған. Сол үшін "Атажұрт еріктілері" қыркүйек айында департаментті сотқа берген, алайда тіркеуден өткені белгілі болғаннан кейін арызын қайтарып алған.

"Атажұрт еріктілері" ұйымы 2017 жылдан бері Шыңжаңдағы аз ұлттарға жасалған қысым мәселесін көтеріп, олардың шағымдарын құжатқа түсірумен айналысып келеді.

Ұйым кеңсесінде өткен жиындарда "Қытайдағы "қайта саяси тәрбиелеу лагерьлерінде" қамауда отырғандардың туыстарының арыз-шағымдары айтылып, Қытай билігі қойған шектеулерге байланысты отанына жете алмай отырған этникалық қазақтар мәселесі де көтерілді. "Атажұрт еріктілеріне" лагерьде қамауда болғандар да хабарласқан.

Дереккөз: Азаттық радиосы





29 қыркүйек 2019, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.