Атырау, 6 мамыр 08:53
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Шалқарда пойыз бен көлік соқтығысып, 82 жастағы жүргізуші көз жұмды

2 938 просмотра


Ақтөбенің Шалқар ауданында көлік пойызбен түйісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қандыағаш көлік прокуратурасының хабарлауынша, 25 қыркүйек күні Шалқар - Сарыжиде өткелінде жол-көлік оқиғасы тіркелді.

«Хабарлама Ақтөбе жол бөлімшесінің кезекші бөліміне түсті. Шалқар қаласының 82 жастағы тұрғыны Уаз көлігімен келе жатып, жүк пойызымен соқтығысты. Ол ескерту белгіге қарамай теміржолды кесіп өтпек болған. Салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Оқиға орнына Қандыағаш көлік прокуратурасы, Шалқар теміржол стансасының және Шалқар аудандық ауруханасының өкілі барды», - деп хабарлады Қандыағаш көлік прокуратурасы. 

Айта кетейік, оқиға Шалқар аудандық полиция бөліміне тіркелді.

Дереккөз: Inform.kz

28 қыркүйек 2019, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.