Атырау, 6 мамыр 14:13
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Шамалған бекетінде тұрғындар үшін арнайы өтпежол салынады

2 409 просмотра


Жергілікті әкімдік өтпежол салынатын орынды белгіледі. Қазір құрылысты бастауға дайындық жүріп жатыр.

Алматы облысының әкімдігі осыған дейін темір жол мен көліктердің арасынан жүруге мәжбүр болған жаяу жүргіншілерге арналған көпірді 2020 жылы 1 қыркүйекте қолданысқа беруді уәде еткен еді. Енді құрылыс жұмыстарын жеделдету туралы шешім қабылданыпты. Мердігер компания анықталып, жергілікті бюджет резервінен қаржы бөлінбек. Өтпежол 15 қыркүйекте пойыз бен автобус соқтығысқан аумақтың маңына салынады.

"Облыс әкімі біз ұсынған өтпежол жобасының үш нұсқасын қарап, бірін мақұлдады. Мердігер компания құрылыс материалдарын сатып ала бастады. 2020 жылдың мамыр-маусымына дейін құрылысты аяқтаймыз. Көпір жол апаты болған жер мен жақын маңдағы жанармай бекеті арасында тұрғызылады", – деді Алматы облысы автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Ержан Жасыбаев.

Өтпежолдың қандай болатыны әзірге белгісіз. Құрылыс жұмыстарына шамамен 200 млн теңге жұмсалмақ."Біз өтпежол салынатын жерге топографиялық түсірілімдер жүргізуді бастадық. ҚТЖ-дан техникалық шарттарды алғаннан кейін, құрылыс бірден басталады. Онда "Қазақтелеком", "Транстелеком" және басқа да көптеген компаниялардың желілері бар. Қуантарлығы су және кәріз желілері жоқ", – деді Алматы қаласы бойынша "Қазжолиновация" ЖШС филиалының теxникалық директоры Айгүл Мыңайдарова.

"Біз өтпежол салынатын жерге топографиялық түсірілімдер жүргізуді бастадық. ҚТЖ-дан техникалық шарттарды алғаннан кейін, құрылыс бірден басталады. Онда "Қазақтелеком", "Транстелеком" және басқа да көптеген компаниялардың желілері бар. Қуантарлығы су және кәріз желілері жоқ", – деді Алматы қаласы бойынша "Қазжолиновация" ЖШС филиалының теxникалық директоры Айгүл Мыңайдарова.

15 қыркүйекте Шамалған станциясында теміржол өткелінде кептелісте тұрған жолаушылар автобусымен пойыз соқтығысқан. Салдарынан автобус жүргізушісі қайтыс болды. Ал үш және бес жастағы кішкентай қыз аналарымен бірге ауыр халде Қарасай аудандық ауруханасына жеткізілді. Кейін аналарының беті бері қарады. Бірақ қатты зардап шеккен қыздар Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізілді. Олар әлі ес-түссіз жатыр.

Дереккөз: Informburo.kz

28 қыркүйек 2019, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.