Атырау, 6 мамыр 04:13
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Белсенді Руслан Жанпейісов қамаудан босатылды

Бейнежазба
2 212 просмотра


Танымал азаматтық белсенді Руслан Жанпейісовті Шымкенттегі уақытша ұстау изоляторынан босатты, - деп хабарлайды "Отырар". 

"Руслан Жанпейісов абақтыдан босатылды. Прокуратура тергеушінің қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын тағайындауды қолдаудан бас тартты. Іс сотқа жетпеді. Яғни оны бір тәулік бойы заңсыз қамауда ұстаған. Оның кінәсіз екенін дәлелдейміз", - деді белсендінің адвокаты Закир Асадов телефонмен сөйлесу кезінде.  Құқық қорғаушы босатндыққа шыға салысымен өзінің үйреншікті ісіне қайта кіріскен - жол қозғалысы ережесін бұзушылардың жолын кесу. 



Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 18 маусымда Шымкент тұрғыны полицияға келіп, дене жарақатын алғанын айтып, арыз берген.  "Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") және 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша біріңғай тізілімге тіркелді", - делінген хабарламада.  

Сондай-ақ, полиция қызметкерін балағаттау дерегі бойынша ("Билік өкiлiн қорлау") тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта ол Шымкент қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

28 қыркүйек 2019, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.