Атырау, 2 мамыр 23:33
 ашықВ Атырау +19
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Елшілік: Норвегияда ұсталған Қазақстанның 60 азаматын депортациялайды

2 615 просмотра


Қазақстанның Норвегиядағы елшісінің орынбасары Талғат Жұмағұлов Норвегияда Қазақстанның 60 азаматы ұсталғанын растады. Елшілік өкілінің айтуынша, оларды 25 қыркүйекте Эйдсволл коммунасындағы қонақ үйде (мотель) ұстаған.

- Оларды жақын арада Қазақстанға депортациялауды жоспарлап отыр. "Мигрант" мәртебесін алу үшін Норвегияға жұмыс істеуге келгенін дәлелдейтін құжат керек. Олар туристік визамен келген, - деді Талғат Жұмағұлов 27 қыркүйекте.

Бұған дейін Норвегияның VG сайты "көші-қон ережелерін бұзған" бір топ шетел азаматының ұсталғанын, олардың басым бөлігі Қазақстан азаматтары екенін жазған. Ұсталғандардың 60-тан астамы Қазақстан, алтауы Қырғызстан, екеуі Ресей азаматы екені хабарланды.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 27 қыркүйекте Азаттыққа бұл мәліметті тексеріп жатқанын айтты.

- Қазақстан азаматтары ол жақта не себеппен жүргенін, неліктен депортацияланатынын елшілік анықтауға кірісті. Ақпарат толық болғанда хабарлаймыз,- деді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Алмашов.

Соңғы жылдары жұмыс табу мақсатында шетелге кеткен қазақстандықтар саны ұлғайған. Қазақстанның СІМ дерегінше, өткен жылы Оңтүстік Кореяда шамамен он мың қазақ мигранты болған.

Ресейлік көші-қон қызметінің жақында жариялаған баяндамасына қарағанда, 2019 жылы қаңтар мен маусым аралығында Ресейге 100 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс іздеп кеткен.

Дереккөз: Азаттық радиосы

27 қыркүйек 2019, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.