Атырау, 2 мамыр 20:19
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

"33 бала жетім қалды": Сириядан қайтарылған балалардың нақты саны жарияланды

2 461 просмотра


Білім және ғылым министрлігі "Жусан" операциясы аясында Сириядан жеткізілген балаларға қатысты ақпаратты таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Бибігүл Асылованың айтуынша, осы уақытқа дейін Сириядан Қазақстанға 506 бала жеткізілді.

Оның сөзіне қарағанда, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек беруге арналған 15 орталық бар.

"Ол орталықтарда күн сайынғы стационарда 14 баласы бар 4 ана жүр. Қалғандары күндізгі стационарда. Қазіргі кезде шамамен 254 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылды, яғни, балабақшаға барды. Ал 153 бала мектепке барып жүр. Сосын 33 жетім қалған бала бар. Олар жетімдерге арналған ұйымдарға таратылды", - деді Асылова астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде арнайы жоспар жасалған. Соның аясында барлық балаға қолдау көрсетіледі. Бәрі арнайы мамандардың бақылауында болады.

Дереккөз: Sputniknews.kz

27 қыркүйек 2019, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.