Атырау, 14 қаңтар 11:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

​Маңғыстау облысындағы кен орнында ереуілге шыққандардың талабы орындалатын болды

2 917 рет қаралды


Маңғыстау облысының әкімдігі Қарақұдық және Солтүстік Бұзашы кен орындарындағы жұмысшылардың ереуіліне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Биыл 23 қыркүйекте "Синопэк Қазақстан" кәсіпорны ақтаулық филиалының 100-ге жуық қызметкері сағат 17:00 шамасында Қарақұдық және Солтүстік Бұзашы кен орындарында жұмысты тоқтатып, жалақыны 100 пайызға өсіруді талап етті", - делінген ведомство хабарламасында.  

Әкімдіктің мәліметінше, жұмыс беруші мен еңбек ұжымының бастамашыл тобының келіссөздері 24 қыркүйекте күні бойы жалғасқан. 

"Келіссөз нәтижесі бойынша, сағат 20:00-де барлық қызметкер жұмысқа шықты. Тараптар келесі шешімге келді: жалақы мөлшерін "М-Техсервис" ЖШС Маңғыстау филиалының жалақысымен бір деңгейге келтіру (компания Солтүстік Бұзашы кен орнындағы осындай жұмыс түрімен айналысады)", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Дереккөз: Tengrinews.kz

25 қыркүйек 2019, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.